2023 жылғы 20 қарашада «№7 орта мектеп» КММ базасында «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» экотуризм және өлкетану бөлімінің қызметкерлері «Сары шымшық күні» атты қалалық экологиялық-орнитологиялық квест өткізді. Іс-шара оқушыларды туған өлкенің биологиялық әртүрлілігін зерттеуге тарту және қала мектептерінде бердвотчерлік қозғалысты жандандыру мақсатында ұйымдастырылды.
Квестке 6-сынып оқушылары мен «Құстарға көмектесейік» акциясына жетекшілік ететін мұғалімдер қатысты. Мектеп оқушылары Шығыс Қазақстанның орнитофаунасын зерттеуге белсене қатысты, квест сұрақтарына жауап бере отырып, құстарды қыс кезеңінде азықтандырудың маңыздылығын түсініп, қорытынды жасады. Қыстайтын құстардың жемазық түрлері; жемдеу астаушасын дайындау және орналастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат алды.
Квест кезеңдерінің бірі қалалық «Зерде-2023» ҒПК жүлдегері, №7 мектептің 6-сынып оқушысы Арина Кузьминаның «Урбандалған аймақтың орнитофаунасын Өскемен қаласындағы №7 мектептің мектеп аумағы мысалында зерттеу» атты жобасы болды. Іс-шараның қорытынды кезеңінде квесттің ең белсенді қатысушыларына Қазақстанның биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығы шығарған «Қазақстан қалаларында қыстайтын құстар» плакаттары табыс етілді.
Қазіргі уақытта экологиялық білім беру өте маңызды! Қоршаған ортаны қорғаудың бір бағыты - табиғатқа көмектесу, мысалы, құстарды жемдеу. «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» көп жылдардан бері «Құстарға көмектесейік» экологиялық-орнитологиялық акциясын ұйымдастырып, өткізіп келеді. Біздің акцияға қосылыңдар!
Іс-шара 87 адамды қамтыды. «Сары шымшық күні» атты квест нәтижесі жөнінде оқушылар мен мұғалімдер жақсы пікірлер білдірді.