
No1 балалар музыка мектебі Өскемен қаласындағы мектепке дейінгі мекемелермен көп жылдан бері ынтымақтастықта. Мәдени-ағарту іс-шаралары аясында мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің алаңнан тыс концерттері үнемі табысты болып келеді. No17 «Ручеек» балабақшасындағы концерт көңілді, мейірімді және достық атмосферасында өтті. Мұндай шаралар балабақша тәрбиеленушілеріне де, музыка мектебінің оқушылары үшін де қажет. Концерттер барысында мектеп жасына дейінгі балалар музыкалық аспаптар туралы көрнекі түсінік алады және музыкалық шығармашылықпен танысады.