Ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиадасы басталды.Елімізде алғаш рет өткізілетін олимпиадаға ауыл мектептерінің 9 – 11 – сынып оқушылары қатысады.
ШҚО Өскемен қаласы бойынша олимпиаданың өткізілу орны “49 жалпы білім беретін мектебі” КММ болып тағайындалды. Бүгінгі күні олимпиаданың салтанатты ашылуына қалалық білім бөлімінің әдіскері Айкенева Д. Т. қатысты.
Бұл бастаманың мақсаты – ауылдық жердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау, қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу.