Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша, сондай-ақ, ата-аналар қауымының арасында қала мектептерінің оқушыларының діни атрибуттарды алып жүруін болдырмау мәселелері бойынша қажетсіз реакциялардың алдын алу мақсатында 20 қарашада «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «Ата-аналардың білім туралы Заңды бұзуының алдын алудың өзекті мәселелері» тақырыбында вебинар өткізді (49-тармақ, Т 49, тармақша 2. 3,2.7).
Вебинарда осы бағыттағы профилактикалық жұмыс жөніндегі жадынама өзектендірілді және директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары ағымдағы жағдаймен танысты.