
2023 жылғы 17 қарашада "Жігер" балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігі Ұлттық ойындар Республикалық акция - челленджіне белсенді қатысты. Іс-шара білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, елжандылық және эстетикалық сезімдерін тәрбиелеуге, елдің мәдени мұрасын сақтауға және ұлттық ойындарды насихаттауға бағытталған. Балалар мен жасөспірімдер клубтарының білім алушылары "Бес тас", "Бес табан", "Бәйге", "Асық ату"сияқты ойындар ойнады.Қазақтың ұлттық ойындары-балалар мен жасөспірімдердің пайдалы бос уақытын ұйымдастырудың тамаша тәсілі. Бұл ойындар мінезді шабыттандырады, баурап алады және дамытады.