Мектепке дейінгі ұйымдарды мемлекеттік аттестаттау бойынша семинар

Мектепке дейінгі ұйымдарды мемлекеттік аттестаттау бойынша семинар
2023 жылғы 15 қарашада Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі мектепке дейінгі ұйымдарды мемлекеттік аттестаттау бойынша семинар өткізді. Бұл семинардың мақсаты мектепке дейінгі ұйымдарды аттестаттау сапасын арттыру болды.
2023 жылы мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өткен балабақшалар тыңдалды. 2024 жылы 19 мектепке дейінгі ұйым мемлекеттік аттестаттаудан өтеді.