«TENGE» интерактивті – танымдық бағдарламасы

«TENGE» интерактивті – танымдық бағдарламасы
15 қараша күні, Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күнінде Оқушылар шығармашылық сарайында «Біз басқаша-біз теңбіз» жобасы аясында «TENGE» интерактивті – танымдық бағдарламасы өтті.
Іс-шараға қала мектептерінің түзету сыныптары қатысты. Балаларға біздің ұлттық валютамыз және оның тарихы туралы айтылды. Сондай-ақ, қатысушылар қызықты викториналық сұрақтарға жауап беріп, өздерінің авторлық валюталарының дизайнын жасады. Кездесу өте танымдық және мағыналы болды!