Шығыс Қазақстанның табиғатын сақтау - біздің  ортақ ісіміз!

Шығыс Қазақстанның табиғатын сақтау - біздің  ортақ ісіміз!
2023 жылғы 15 қарашада Оқушылардың шығармашылық сарайы базасында Өскемен қаласы мектептерінің 7-8 сынып оқушылары Борис Васильевич Щербаковпен кездесті. Кездесу "Өскемен құс фабрикасы" АҚ бастамасымен өтті. Іс-шара барысында туған өлкенің табиғатын қорғау, жабайы жануарларды сақтау мәселелері талқыланды. Білім бөлімінің әдіскері Н. Т. Капчикова кездесу қонағын таныстырды. Дәріскер биология ғылымдарының кандидаты, орнитолог, натуралист Борис Васильевич Щербаков болды. "Шығыс Қазақстан облысы өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің табиғи алуан түрлілігіне, дала мен су кеңістігіне бай. Шығыс Қазақстанның табиғатын сақтау - біздің  ортақ ісіміз!", - деді Борис Васильевич. Ол туған жердің флора мен фаунаның әртүрлі түрлік құрамы, біздің өлкеміздің экологиялық проблемалары туралы айтты. Кездесу барысында оқушылар Борис Васильевич қуана жауап берген көптеген сұрақтар қойды.