"Мұрагер" бағдарламасының жұмыс барысымен танысу

"Мұрагер" бағдарламасының жұмыс барысымен танысу

13 қараша күні №47 мектепте "Мұрагер" бағдарламасының жұмыс барысымен танысуға педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Қазақстан ұлттық комиссиясының білім саласындағы сарапшысы, ақын, жазушы, блогер Шахгулари Василий Вачикович келіп, оқушылардың домбыра аспабында ойнау деңгейін көрді. Оқушылар халық әндері мен күйлерін орындады. Оқушылардың өнерін суретке, видеоға түсіріп, осы мәлімет деректердің бәрін Халықаралық ЮНЕСКО орталығына жіберілетінін атап өтті. Келген қонақ тарапынан Абишев Т.А еңбегін жоғары бағалап, оқушыларға алғысын білдірді.