
Бүгін 2023 жылғы 14 қараша күні Шығыс Қазақстан облысының білім беру мекемелері "Оқу процесінде электрондық оқулықтарды және цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану" тақырыбы бойынша республикалық тыңдалымға қатысты. Іс-шараны Білім саласындағы қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Е. Дәуенов өткізді. Өскемен қаласының №15 орта мектебінің директоры Г.Ракишева мектепте электрондық оқулықтарды, цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану туралы есеп берді.