11 қарашада «Шығыс Қазақстан халықтарының тілдері мен мәдениетін түлету мектебі» КММ түрік тілі мұғалімі А.А.Амангельдинова «Түркия бойынша саяхат» атты танымдық сабағын өткізді.
Сабақ барысында Түркия елінің тарихи жерлері мен салт-дәстүрлері туралы айтылып шолу жасалды, әртүрлі тапсырмалар беріліп сұрақтар қойылды. Танымдық сабақ оқушылардың түрік тіліне деген қызығушылықтарын одан ары арттыруға көмектесті. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, түрлі тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындады.