2023-2024 жылғы күзгі демалыс күндері «№ 29 ҚББМО» КММ балаларды тіршілік қауіпсіздігі негіздерімен таныстыру және оқыту мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізді. Іс-шараға жалпы саны 250-ден асатын № 1,4,10,16, 19, 22, 26,35, 36, 37,39,42, орта мектептердің 6-7 сынып оқушылары қатысты. Мұнда балаларды демалысты тиімді өткізуін ұйымдастырғаны, мектеп мұғалімдері үлкен рөл атқарды.
ТЖ департаментінің спорт кешеніне бару үлкен қызығушылық тудырды, онда балалар өрт сөндіру-құтқару спортында өз күштерін сынап қана қоймай, «Жас құтқарушы» орталығының спорт секцияларына жазыла алды.
Сонымен қатар оқушылар «Апаттар медицинасы орталығына» барып, сол жерден зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетудің негізгі әдістері туралы, сондай-ақ осы білімді іс жүзінде дұрыс қолдану туралы білді.
Дәстүрлі түрде балалар үшін Өскемен қаласының № 6 өрт сөндіру бөліміне барып, ШҚО өртке қарсы қызмет мұражайына экскурсиялар ұйымдастырылды.