Балабақшадағы «қауіпсіздік ережелері»

Балабақшадағы «қауіпсіздік ережелері»
10 қарашада «Алтын дән» балабақшасында «Балабақшадағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында «Қарақат», «Ботақан», «Алтын күн» мектеп алды даярлық топтарының тәрбиеленушілерімен тәрбиелік іс-шара өтті.
Бұл іс-шараны «№29 ҚББМО» КММ «Жас құтқарушы» орталығының педагог-ұйымдастырушысы Бабаханова Назгүл Сәлімжанқызы өткізді. «Жас құтқарушы» орталығының педагогы балаларға өрттің, судың, мұздың қауіптілігін, сондай-ақ үйде, көшеде және бала-бақшадағы қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірді. Қауіпсіздік ережелері туралы бейнероликтер мен мультфильмдер көрсетті.
Мультфильмдерді көргеннен кейін алынған білімдерін көңілді «нотамен» бекітті, онда балалар музыкаға арналған би қимылдарын көңілді және тату қайталады. Тәрбие іс-шарасында балалар өмір қауіпсіздігі туралы білді және үйде, көшеде және балабақшада қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйренді.