«ПОШАЗАМИМ?» КВИЗ-ОЙЫНЫ

«ПОШАЗАМИМ?» КВИЗ-ОЙЫНЫ
Күзгі демалыстың соңында Оқушылар шығармашылық сарайында жаңа тәрбиелік-ойын-сауық бағдарламаларының маусымы ашылды. Жаңа тоқсанның алғашқы бағдарламасы «Vibe club» жобасының аясында өткізілген «Пошазамим?» квиз-ойыны болды.
Квиз-ойынның мақсаты – балаларға өздерін әнші ретінде де, көрермен ретінде де сезініп, қызығушылықпен қатыса алатын түрлі эмоцияға бай шығармашылық орта құру болды.
Ойын барысында қатысушылар барлық кезеңдерге белсенді түрде қатысты, ән айтты, жасырынған мәтіндерді шешті, сонымен қатар бір-біріне қолдау көрсетті.
Шығармашылық музыка әлеміне енген балалар жағымды эмоция мен көтеріңкі көңіл-күйдің күшті қуатына ие болды.