ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2023 жылдың 4 қыркүйегінен 02 қарашасы аралығында білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы «Tuğan jerdіŋ tabiğaty» облыстық бейнероликтер байқауын өткізді.
Негізгі мақсаты: жасөспірім ұрпақтың кешенді білімін, Шығыс Қазақстанның өлкетануы туралы тұтас ұғымын қалыптастыру және жастардың зияткерлік, шығармашылық және эстетикалық потенциалын бейнеөнер арқылы дамыту. Байқауға білім беру ұйымдары оқушыларының 97 жұмысы ұсынылды.
Жұмыстарды бағалау нәтижелері бойынша сараптама комиссиясы 2 санат бойынша жеңімпаздарды анықтады: 1-5 сыныптар, 6-11 сыныптар.
Оскемен қаласы мектептерінің 1-5 сыныптарының арасында жеңімпаздар анықталды:
Екінші орын - Оразаева Шұғыла, 5 сынып оқушысы, «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ, Өскемен қаласы.
Үшінші орын – Сейітқали Айдана, 3 сынып оқушысы, «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ, Өскемен қаласы.
Оскемен қаласы мектептерінің 6-11 сыныптарының арасында жеңімпаздар анықталды:
Бірінші орын - Қорабай Алина, 10 сынып оқушысы, «№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ, Өскемен қаласы.
Екінші орын - Мамиев Нұртас, Амангелдина Жанель, 7 сынып оқушылары, «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ, Өскемен қаласы.
Үшінші орын - Қаматаев Әли, Латиф Амина, Токенаева Аружан, 10 сынып оқушылары, «№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ, Өскемен қаласы.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Байқауға қатысқан оқушыларға алғысымызды білдіреміз және барлық бастамаларға сәттілік тілейміз!