2023 жылғы 1 қараша күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ күзгі каникулдық мектеп аясында «Деңгейлік тапсырмалар негізінде химия, биология және география пәндері бойынша қортынды аттестаттауға дайындау мүмкіншілігі» шеберлік сыныбын өткізді.
Химия, биология, география пәндерінен қорытынды аттестаттауға дайындық бойынша жұмыс тәжірибесімен:
- Химия пәні бойынша қорытынды аттестаттау тапсырмаларын әзірлеуші, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№46 орта мектебі» КММ, химия пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Актанова Назым Каирказиновна;
- Биология пәні бойынша қорытынды аттестаттау тапсырмаларын әзірлеуші, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «А. Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» КММ, биология пәні мұғалімі, педагог-шебер Боранбаева Жанар Камановна;
- ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «А. Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» КММ, география пәнінің мұғалімі, педагог зерттеуші Абзелеева Камила Аукеновна бөлісті.
Аталған іс-шара ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» КММ базасында өтті. Шебер сыныпқа Ұлан ауданының жалпы білім беретін мектептерінің 63 химия, биология және география пәндерінің мұғалімі қатысты.