"Үздік педагог" республикалық конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы

"Үздік педагог" республикалық конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы жыл сайынғы дәстүрге айналған «Үздік педагог» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді.
«Үздік педагог» конкурсы жыл сайын педагогтің жеке жетістіктерін қарау ғана емес, облыстық білім жүйесін соның ішінде қала мен аудан педагогтерінің жетістіктерін бағалау болып қала береді.
Конкурстың негізгі мақсаты мен міндеттері – балаларды оқыту мен тәрбиелеуде мүмкіндіктерді жетілдіре отырып дамыту, дәстүрлі емес педагогикалық идеяларды іздестіретін, кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар педагогтердің кәсібінің мәртебесін арттыру және ынталандыру.
Конкурсқа облысымыздың қалалары мен аудандарынан және облыстық білім беру ұйымдарынан 12 жеңімпаз мұғалім қатысты.
Конкурс «Ұлттық білім беру деректер базасы «Үздік педагог» модулі ақпараттық жүйесінде өткізілді. Комиссия мүшелерінің бағалау қорытындысына сәйкес, үшінші кезеңге электронды база арқылы 80-нен жоғары балл жинаған 4 қатысушы іріктелді. Оның ішінде Өскемен қаласының мектептерінен:
✅Өскемен қаласының жеке жалпы білім беретін мектебі «Исток», география пәнінің мұғалімі Королёва Елена Александровна;
✅ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Заки Ахметов атындағы № 16 орта мектебі» КММ, бастауыш сынып мұғалімі Кошерова Зульфия Уалихановна;
✅ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «М. Әуезов атындағы № 17 орта мектебі» КММ, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Исраилов Руслан Джабраилович.
Жеңімпаздар: Королёва Е.А., Кошерова З.У., Исраилов Р.Д. республикалық конкурсқа жолдама алды.
Байқаудың республикалық кезеңіне қатысатын жүлдегерлерге жеңіс тілейміз!