7 қарашада ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Жас техниктер станциясы» КМҚК базасында «№ 36 орта мектеп» КММ оқушылары үшін «Жаңа ашылымдар жолында» атты геология және спорттық туризм бойынша танысу сабағы өтті. Мектеп оқушылары туристік құрал-жабдықтардың мақсатымен танысты, экспедициялық рюкзактарды киіп көрді және әрбір саяхатшыға қажетті түйіндерді байлап үйренді. Геологиялық мұражай және пайдалы қазбалармен жұмыс оқушыларға үлкен әсер қалдырды, ал жас техниктер станциясының зертханаларында экскурсия күні қызықты, тамаша аяқталды.