31 қазаннан 2 қараша аралығында ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Жас техниктер станциясы» КМҚК «Спорттық туризм» және «Туристік көпсайыс» секциясының тәрбиеленушілері Риддер қаласында зерттеу экспедициясында болды.
3 күн бойы мектеп оқушылары көптеген табиғи орындарды аралады, еліміздің Громотуха және Үлбі өзендері оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Экспедиция барысында туристер одан әрі ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін фотоматериалдар мен тарихи деректер жинады.