30 қазанда облыстың Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында дәстүрлі Жас мұғалімдер форумы өтті. Жиынға Өскемен қаласының 20 жас ұстаздары қатысты. мұғалімдер ісінде нағыз шеберлермен кездесіп, жұмыс істеуге, өзекті кәсіби міндеттерді талқылауға, тәжірибе алмасуға және пікірлестерді табуға мүмкіндік алды.
Биыл форумға жүзден астам қатысушы жиналды. Форум бағдарламасы қызықты әрі алуан түрлі болды. Қатысушыларды білім берудің маңызды мәселелері бойынша пікірталастар, Педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушыларының ұйымдастыруымен өткізілген тәжірибелі педагогтардың шеберлік сыныптары, командалық білім беру іс-шаралары күтіп тұрды.
Форумға қатысушыларға арнаған сөзінде облыс әкімі Ермек Беделбайұлы Көшербаев "мейірімділік", "жақындарға деген қамқорлық", "ар-ұят", "Отанға деген сүйіспеншілік" деген ұстанымдарды өз бойларыңа сіңірген кезде ғана ұстаздардың өскелең ұрпаққа лайықты білім мен тәрбие бере алатындығын атап өтті.
Форум аясында ұстаздар бүгінгі жас педагогтың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жасалып отырған зор мүмкіндіктерге куә болып қайтты.