"Үйірмешілерге арнау" атты мереке өтті

"Үйірмешілерге арнау" атты мереке өтті
3 қарашада ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Жас техниктер станциясы» КМҚК жас техниктер станциясының тәрбиеленушілеріне арналған «Үйірмешілерге арнау» атты мереке өтті. Станцияның табалдырығын алғаш аттаған балалар үшін ол, келгісі келетін, жаңа бірдеңе ойлап табатын, бір- бірімен сөйлесіп, достасқысы келетін екінші үйіне айналады.
Балалар қызықты шығармашылық сынақтан өтті. Мерекеде ең маңызды болып, келушілер жаңа, қызықты бір нәрсеге үйрене алатын, әртүрлі балалар бірлестіктері болып табылды. Барлық тәрбиеленушілер 6 командаға бөлініп, әртүрлі станцияларға саяхат жасады, ол жерде мұғалімдер тосып алып, шығармашылық тапсырмалар орындауды ұсынды. Барлығы тапсырмаларды лайықты түрде орындап шықты. Мереке соңында балалар хормен үйірмешілер антын қабылдады. Қатысушылардан жақсы оқып, шығармашылықта табысқа жетіп, қиыншылықтан артқа шегінбейтіндері жайлы сөз алынып, оларға «ЖТС үйірмешісі» медалі тапсырылды. Осыдан кейін ғана олар станцияның «нағыз» үйірмешісі атанды.