«Заманауи педагогтің экологиялық білім беру және өлкетану жұмысында жаратылыстану-ғылыми қызметін өзектендіру» облыстық семинары

«Заманауи педагогтің экологиялық білім беру және өлкетану жұмысында жаратылыстану-ғылыми қызметін өзектендіру» облыстық семинары
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2023 жылдың 3 қарашасында «Күзгі демалыс мектебі - 2023» іс-шаралар жоспарына сәйкес ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» КМҚК базасында «Заманауи педагогтің экологиялық білім беру және өлкетану жұмысында жаратылыстану-ғылыми қызметін өзектендіру» облыстық семинары өткізілді.
Семинарға облыстың эко-биологиялық бағыт бойынша қосымша білім беру педагогтері және жалпы білім беретін мектептердің жаратылыстану пәні мұғалімдері қатысты.

Семинардың мақсаты – педагогтердің біліктілігін арттыру және олардың процессуалдық қызметінің тиімділігі жағдайында жаратылыстану және экологиялық білім беру саласындағы шығармашылық әлеуетін дамыту.

Семинар барысында орталықтың директоры және педагогтері іс-тәжірибелерінен төмендегі тақырыптарда баяндама жасады:
«Экобиоцентр в системе непрерывного экологического образования и преемственной исследовательской деятельности учащихся» - орталықтың директоры А Цыганов; «Үздіксіз экологиялық білім берудегі сабақтастық. Экологиялық жобалар» - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Нұржан; «Учебные тропы природы в эколого-биологическом образовании учащихся» - директордың орынбасары Ю. Лукьянец; «Өскемен қаласы оқушыларының «Менің таңдауым-TAZA KALA» экологиялық жобасы туралы» - қосымша білім беру педагогі Н. Серикова; «Сакральные объекты Восточного Казахстана в туристско-краеведческой деятельности педагога как интегративный аспект дополнительного и основного образования школьников» - бөлім меңгерушісі Е. Куликова; «Психологический тренинг «Особенности психологического сопровождения в условиях дополнительного образования» - қосымша білім беру педагог-психологі А. Мамирбекова.

Семинарға қатысушылар орталықтың зертханасына жасаған экскурсия барысында зоопаркті, ботаникалық бақты аралап орталықтың жұмыс жүйесімен танысты, әдістемелік көмек алып, тәжірибе алмасты.