Оқушылар шығармашылық сарайында күзгі демалыс уақытындағы белсенді іс-шаралар легі жалғасуда. Өскелең ұрпақтың Сарайға келген кезде көңіл көтеріп, демалып қана қоймай, қарым-қатынас дағдыларын дамытып, жаңа достар табуы үшін барлық жағдай жасалған.
Күн сайын сарай қабырғасында әртүрлі жастағы оқушыларға арналған іс-шаралар өткізілуде, атап айтатын болсақ, «Чемпион» спорттық-танымдық бағдарламасы, «Улика» квест ойыны, адамгершілік қасиеттерді дамытуға .және жасөспірімдер арасындағы этика.мәселелерін талқылауға арналған «Игі істер теориясы» жағдаяттық ойыны. Сонымен қатар демалыс уақытында балалар шығармашылық бірлестіктерінің сабақтары да жалғасын табуда.
Оқушылар шығармашылық сарайы демалыс уақытында ұсынып отырған бос уақытты тиімді өткізуге арналған іс-шаралардың әртүрлілігі балаларға серпіліп, тынығып, жаңа тоқсанға жақсы көңіл-күймен аяқ басуға мүмкіндік береді.