Оқушылар шығармашылық сарайында күзгі демалыстың екінші күні балалар мен жасөспірімдерді ойын-сауық бағдарламаларымен қуантты. Жоғары сынып оқушыларына арналған 3 күндік «Көшбасшы мектебі» сәтті басталды, оған 80-нен астам жасөспірімдер қатысты. Бірінші күнгі бағдарламада балалар Көшбасшы дағдыларын және топтық жұмысты дамыту тақырыптары бойынша құрастырылған модульдер бойынша жұмыс істеді. ОШС-да жүзеге асырылатын бос уақытты ұйымдастырудың бір түрі – «ЧЕМПИОН» спорттық-танымдыққ бағдарламасы.
Бұл шара барысында балалар интерактивті шығармашылық тапсырмаларды орындайды, сонымен қатар спорттық эстафеталардан өтеді. Барлық тапсырмалар бастауыш сынып оқушылары арасында салауатты өмір салтын көрсетуге бағытталған. Іс-шара өте көңілді және жарқын өтіп, және барлық қатысушылар тек оң пікірлер қалдырды.