2023 жылдың 30 қазанында Ақтөбе қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты VI республикалық зияткерлік байқауы өтті. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімнің
«Меновное орта мектебі» КММ 9 «Б» сынып оқушысы Буткенова Алина сайысқа қатысып, оның қорытындысы бойынша бейнерепортаж номинациясында III дәрежелі дипломмен және сертификатпен марапатталды. Буткенова Алина осы байқаудың қалалық кезеңінде жеңіске жетті. Сайыстың облыстық кезеңінде білім бөлімінің I дәрежелі дипломымен марапатталған. Жас өлкетанушыны және оның жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Березовикова Ирина Даминовнаны лайықты марапатымен құттықтаймыз.