2023 жылдың 26 қазанында ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен жоспарға сәйкес кеңейтілген қалалық әдістемелік кеңес өткізді.
Әдістемелік кеңесте «№ 5, 6, 7, 14, 37 мектептерде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асыруда әдістемелік қызметтің жұмысы туралы» қазақ тілі және әдебиет пәнінің әдіскері З.С.Скакова баяндама жасады. З.С.Скакова өз сөзінде мектептердегі әдістемелік отырысты, сондай - ақ әдістемелік бірлестік жұмысын жан - жақты зерделей отырып, мектепішілік бақылаудың, мұғалімдердің өзекті тақырыпты таңдап алуларына, білім сапасының жағдайына басымдылық түсіріп, мұғалімдердің сабақ өткізуі мен дәптерлердің тексеруіне де тоқталып өтті.
Әдістемелік кабинет меңгерушісі А.З.Нурпеисова қазаіргі таңда болып жатқан білім беру жүйесіндегі реформаларға, жаңалықтарға, өзгерістерге тоқталды.
«Қазақ тілі бойынша білім сапасын арттырудағы әдістемелік қызметтің рөлі» (№ 26 орта мектебінің тәжірибесінен) қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері шеберлік - сыныптар көрстетті.
Шеберлік - сыныптың мақсаты: сапылы білім беру арқылы білім сапасын көтеру, тәжірибе алмасу, көрнекілік құралдарын ұтымды пайдалану арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыту.
Әріптестер сыныптың соңында көрнекілік көрмесін тамашалап, АКТ және басқада қызықты әдістерді көріп, меңгерді: орта сыныптарда шағын көлемді шығармаларды жағдаяттық оқыту, диалогты оқыту әдісімен және 3D презентация жасау үлгісін, заманауи сандық платформалармен жұмыс түрлері, Padlet Plickers, «Пликерс», ZipGrade, тарсия, синонимді сәйкестендіру, Padlet тақтасында Insert толтыру, «Тик-ток» әдістерін де қоржындарына салды.
Аталған шеберлік-сынып туралы оқу ісінің меңгерушілері өткізген ұстаздарға жақсы тілектерін, алғыстарын айтты.