
31 қазан Өскемен қаласының №1 Балалар музыка мектебінде «Күзгі дивертисмент – 2023» демалыс жобасы аясында «Фортепиано музыкасының фестивалі» өтті. Жас пианистер классикалық және қазақ композиторларының шығармаларын, сондай-ақ джаз және эстрадалық миниатюраларды орындады.