30 қазан күні Оқушылар шығармашылық сарайында көңілді күзгі демалыс аптасы басталды.
Шығармашылық марафонды «Чемпион» спорттық-ойын бағдарламасы ашты. Іс-шараға төменгі сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар топтарға бөлініп, спорттық-интеллектуалдық сайыстарда күш сынасты.
Орта буындағы мектеп оқушылары үшін екі мәрте «Улика» детективтік квесті өтті. Бағдарлама барысында балалар логикалық тапсырмаларды орындап, күрделі жағдайлардан шыға білу қабілеттерін көрсетті.
Сонымен қатар қала мектептерінің оқушылары үшін ОШС Art-center шығармашылық мектебінің сабақтары өтті. Вокал, хореография, аниматорлар студиясының педагогтері бар ықыласымен балалармен өздерінің шығармашылық шеберліктерімен бөлісті.
Алғашқы күн қалалық мектеп парламенттернің отырысымен аяқталды. Ертеңгі күні бастау алатын «3 күндік Көшбасшы мектебінің» ұйымдастыру жұмыстарына қатысты сұрақтар талқыланды.
Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан балалар жоспарланған бағдарламаларға асқан қызығушылықпен қатысып, өздерінің күлімдеген жүздерімен сұрланған күннің ажарын кіргізді.