«Мықты көшбасшы – мықты мектеп Парламенті» 3 күндік көшбасшылар мектебі

«Мықты көшбасшы – мықты мектеп Парламенті»  3 күндік көшбасшылар мектебі
2023 жылдың 31-ші қазанмен 2 қараша аралығында Оқушылар шығармашылық сарайында "Мықты көшбасшы – мықты мектеп Парламенті" атты дәстүрлі 3 күндік көшбасшы мектебі өтті. Күзгі демалыс кезіндегі 3 күндік көшбасшы мектебінің мақсаты қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау болды. 3 күндік Көшбасшылар мектебінің қатысушылары 8-10 аралығындағы сынып оқушылары болды. Жалпы саны 77 оқушы қатысты. Бұл Өскемен қаласы мектептерінің балалар бірлестіктерінің, ұйымдарының және өзін-өзі басқаруының көшбасшылары, сондай-ақ қала мектептерінің тәлімгерлері, педагог-ұйымдастырушылары және мектеп Парламентінің Президенттері белсенді қатысты.
Қатысушылар үшін 3 күнге арналған мектеп Парламент фракциялары бойынша тақырыптық модульдер тағайындалды. «Достық», «Көшбасшы жетекші», «Топтық білім», «Жас Азамат», «Баспасөз және Ақпарат», «Спорт және СӨС», «Құқық және Тәртіп», «Өзін-өзі тану», «Мәдениет және пікірталас қозғалысы», «Қамқорлық», «Бақыт», «Экология және еңбек» атты фракциялар тақырыптық жұмыстар атқарып балаларды фракциялар таныстырып өтті. Барлық модульдер мектеп Парламентінде одан әрі жұмыс істеп, білім алуға, сондай-ақ оқушылардың жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін дағдыларды игеруге бағытталған.
3 күндік көшбасшылар мектебінің соңғы күні қызықты Квест ойыны өтті. Сахнадағы балалар өздерінің шығармашылық нөмірлерін (тапсырмаларын) көрсетті. Көшбасшы мектебі сертификаттарды салтанатты түрде марапаттаумен аяқталды.