"World Cities Day" сыныптан тыс іс-шарасы

"World Cities Day" сыныптан тыс іс-шарасы

30 қазанда "Шығыс Қазақстан халқының тілдері мен мәдениетін түлету мектебі" КММ ағылшын тілі педагогы Ж.С. Ғалымова Дүниежүзілік қалалар күніне арналған және жыл сайын 31 қазанда атап өтілетін "World Cities Day" сыныптан тыс іс-шарасын өткізді. Бұл іс - шараның мақсаты мен міндеттері - "Cities" тақырыбы аясында оқушылардың білімін кеңейту, тақырып бойынша жаңа лексиканы меңгеру және белсенді қолдану, қалаларға танымдық қызығушылықты дамыту, әлемнің әртүрлі қалалары туралы оқушылардың білімін кеңейту, қалаларға ұқыпты қарауды дамыту болды. Сабақ барысында оқушылар "importance of cities" және "City problems" тақырыптары бойынша презентацияларды қорғап, заманауи қалалардың маңыздылығы мен проблемаларының тақырыптарын талқылады. Оқушылар қызығушылықпен белсенді қатысты.