27 қазан 2023 жылы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің айлық жоспарына сәйкес жас мамандар мен жаңадан келген мұғалімдерге арналған «Өзекті тақырыпты таңдап алудың өзіндік ерекшеліктері» атты теориялық семинар болып өтті.
Семинардың мақсаты: жас мамандар мен жаңадан келген мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету.
Семинарда қазақ тілі және әдебиет пәнінің әдіскері З.С.Скакова өзекті тақырыптың не екеніне, оның қажеттілігіне тоқтала отырып, қалай? қайтіп? не үшін? таңдап алу керектігіне жан - жақты тоқталып, мысалдар арқылы нақтылап берді.
Семинар барысында оқулықтағы тақырыптарды оқушыларға қалай? түсіндіру керектігіне әдістемелік кеңес берілді. Бұл практикалық кезеңді қазақ мектептері үшін «№ 27 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Б.Ш.Муканов, ал орыс мектептері үшін қазақ тілі және әдебиет пәнінің әдіскері З.С.Скакова өткізді.
Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.