«Үздік дене шынықтыру педагогі-2023» Республикалық байқауының облыстық кезеңі

«Үздік дене шынықтыру педагогі-2023» Республикалық байқауының облыстық кезеңі
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» 2023 жылғы 24 қазанында «Үздік дене шынықтыру педагогі-2023» Республикалық байқауының облыстық кезеңін «№19 Мектеп-қосымша білім беру» базасында өткізді.
Байқауға облыстың орта білім және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты. Қатысушылардың жұмыстары байқаудың ережесіне сәйкес құзыретті қазылар алқасы бағалады.
Қазылар алқасының қорытындысы бойынша:
I орын – Куматаева Инабат Муратовна, Өскемен қаласы «№ 15 орта мектебі» КММ дене шынықтыру мұғалімі;
«Шығармашыл ұстаз» номинациясымен - Вилимзонов Дмитрий Иванович, Өскемен қаласы бойынша «№19 мектеп – қосымша білім беру орталығы» КММ.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша Куматаева Инабат Муратовнаның материалдары республикалық кезеңіне қатысу үшін Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК жолданады.