2023 жылдың 26 қазанында Өскемен қаласындағы Оқушылар шығармашылық сарайында Мектеп парламенттері қалалық комитетінің жыл сайынғы фестивалі өтті.
Іс-шараға кураторлар, мектеп парламенттерінің президенттері және қалалық мектеп фракцияларының жетекшілері қатысты. Мерекелік жағдайда фестивальге қатысушыларға қала мектептерінің жаңадан сайланған Президенттері таныстырылды, оларға бағыт парақтары ұсынылды. Бағыт парақтарын басшылыққа ала отырып, балалар оқу жылы бойы өз мектебінде Парламенттік іс-шараларды сәтті жүргізе алады.
Фестивальдің маңызды сәттерінің бірі осы оқу жылына сайланған Комитет төрағасы Иманбаев Жанасылды таныстыру болды. Ол барлық фестиваль қатысушыларына уәждемелік сөз сөйлеп, өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруға уәде берді. Фестиваль барлық қала мектептерінің президенттерінің ортақ естелік суретімен аяқталды.