
2023 жылдың 24 қазанында «Дені сау балалар – дені сау ұлт» атты ұзақ мерзімді білім беру жобасы іске қосылды. Қазақстан Республикасы күніне арналған «Жарыс» атты дене шынықтыру-танымдық сайысының бірінші кезеңін №4 «Сәулетай» балабақша-бөбекжайы» КМҚК ұйымдастырып, өткізді. Балалар өз білімдерін, тапқырлықтарын, ептіліктерін, жылдамдықтарын көрсетті! Ойындар мен эстафеталарға қатысты. Бұл шара керемет көңіл-күй мен эмоцияға толы болды! Балалардың жетістіктері қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды. Қаладағы мектепке дейінгі ұйым педагогтарының өзара әрекеттері іс-шараны жоғары кәсіби деңгейде өткізуге мүмкіндік берді.