«Family island2» балабақшасының ашылу салтанаты

«Family island2» балабақшасының ашылу салтанаты

Өскемен қаласының «Park Сitу» жаңа мөлтек ауданында барлық заманауи талаптарға сай «Family island2» балабақшасы есігін 150 бүлдіршіндерге айқара ашты. Балабақшаның салтанатты ашылуына облыс әкімі Е. Б. Кошербаев қатысты.
Балабақша жиһаздармен және қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Жаңа мектепке дейінгі мекеменің ашылуы балаларды тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуға мүмкіндік береді және ата-аналардың көптеген өтініштерін қанағаттандырады, сонымен қатар қала тұрғындарын жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.