"Біз - Қазақстан балаларымыз" атты мәнерлеп оқу байқауы өтті

"Біз - Қазақстан балаларымыз" атты мәнерлеп оқу байқауы өтті

Қазақстан Республикасы Күнін мерекелеу аясында 23 қазан күні Оқушылар шығармашылық сарайында "Біз басқаша - біз теңбіз" жобасы аясында "Біз - Қазақстан балаларымыз" атты мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Байқауға қала мектептерінің түзету сыныптары мен денсаулық мүмкіндіктері шектеулі 40-тан астам бала қатысты. Қатысушылар Отанымыз туралы қазақстандық және басқа да авторлардың өлеңдерін оқыды. Балалар үшін жағымды бонус Оқушылар сарайының жас әртістерінің шығармашылық қойылымдары болды. Мисс тик-ток іс-шараның арнайы қонағы да керемет көңіл-күй сыйлады, ол балалармен бірнеше көңілді ойындар өткізді.
Қазылар алқасы ұсынылған жұмыстарды жоғары бағалады және орындарды әділ бөлді. Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушылар құрмет грамоталарын алды.