«Қосымша білім беру жағдайында балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру» облыстық семинары

«Қосымша білім беру жағдайында балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру» облыстық семинары

2023 жылғы 24 қазанда ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Жігер» Өскемен балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігі»  МКҚК «Aq jol» балалар-жасөспірімдер клубының базасында «Қосымша білім беру жағдайында балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру» облыстық семинары ұйымдастырылды. Семинар қатысушыларына ШҚО білім басқармасының жеке тұлғаның адамгершілік-рухани дамуы, тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы Бағлан Париолдақызы Тауанова құттықтау сөз сөйледі.
ШҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Андрей Владимирович Ларионов осы іс-шараға «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубтары бірлестігінің қонағы және әлеуметтік серіктесі ретінде шақырылды. Семинарға Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің эстетикалық цикл және қосымша білім беру әдіскері Тюлюкова Жанна Николаевна қатысты. Семинарға қатысқан облыстық және қалалық мектептердің педагог қызметкерлері осындай ақпараттық-оқыту іс-шараларын өткізудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті. Семинарға Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің эстетикалық цикл және қосымша білім беру әдіскері Тюлюкова Жанна Николаевна қатысты. Семинарға қатысқан облыстық және қалалық мектептердің педагог қызметкерлері осындай ақпараттық-оқыту іс-шараларын өткізудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.