23 қазанда Оқушылар шығармашылық сарайы "Тоғыз ай-тоғыз іс-шара" жобасы аясында "Әнұран орындау" Республикалық флешмобына қатысты. Мұндай флешмобтар ОШС тәрбиеленушілері арасында патриотизм мен азаматтық сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.
Іс-шараға педагогтар, сондай-ақ сарайдың тәрбиеленушілері оның мәні мен маңыздылығын терең түсініп, белсенді қатысты.
Әнұранды орындау-өз елі үшін бірлік пен мақтаныштың символы, ал патриоттық флэшмобтарға қатысу өз Отанына деген сүйіспеншілікті тәрбиелейді.