2023 жылғы 19 қазан күні «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының бастамасымен «Bir tolqynda» жобасы аясында «Қауіпсіз интерент, буллинг және кибербулинг» атты іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараға Өскемен қаласының 7-10 сынып оқушылары қатысты.
Кездесудің мақсаты – Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақ қылу, намысқа тию жағдайларының алдын алу және сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.

Итекбаев Ильдар Фаритович – Өскемен қаласының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің прокуроры

Каленова Аксана Александровна – ШҚО Бала құқықтары жөніндегі уәкілі, «Альтернатива» Шығыс Қазақстан медиация және құқық орталығы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрайымы, кәсіби медиатор, жаттықтырушы, құқықтану магистрі

Жаксыбаева Динара Мырзабековна – Үлбі полиция бөлімінің Ювеналдық полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры

Куземко Лилия Петровна – Өскемен қаласы әкімдігінің «Отбасы мен балаларды қолдау орталығы» КМҚК директоры, жоғары санатты педагог-психолог