2023 жылдың 20 қазанында Шығыс Қазақстан облыстық «Өркен» ақпараттандыру және білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Digital Intelligence» форсайт - семинарына Өскемен қаласы мектептерінің информатика пәні мұғалімдері қатысты. Шығыс Қазақстан облыстық «Өркен» ақпараттандыру және білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығы Цифрландыру және архивтер басқармасының Өскемен IT-хабымен бірлесіп осы іс -шараны өткізді.
Семинардың мақсаты: мектеп мұғалімдерінің кәсіби IT - құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту.
Шеберлік сабақтарын келесі мамандар жүргізді:
Мұратұлы Дидар, Өскемен IT-хабының жетекшісі, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ аға оқытушысы «Болашақ кәсіпкерлер үшін IT негіздері» тақырыбымен баяндама оқыды.
Спикер Увалиева Индира Махмұтқызы, PhD докторы, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ доценті. 2023 жылы IT-StartUp-ті дамыту бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімінің гранты иегерлерінің ғылыми жетекшісі нәтижеге жетудің негізгі бағыттарына тоқталды:
- жаһандық прогресс факторы ретінде жасанды интеллект енгізу;
- жасанды интеллекттің тәсілдері мен бағыттары;
- жасанды интеллект саласындағы ғылыми зерттеулердің бағыттары;
- StartUP жобаларын жүзеге асыру ерекшеліктері.
Сертификатталған бизнес-тренер, экономика ғылымдарының магистрі Мамырбекова Динара Самарқанқызы «Маркетингтік нарықты талдау әдісі арқылы бизнес-идеяларды таңдауда IT саласында мектеп және колледж студенттерін оқытудың контекстік тәсілі» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Семинар өте тиімді, әрі пайдалы болды.