«Табысты тәлімгер» қалалық семинары өткізілді

«Табысты тәлімгер» қалалық семинары өткізілді
Білім бөлімінің 2023 жылғы 17 қазандағы жоспарына сәйкес ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№12 мектеп-гимназиясы» КММ базасында «Табысты тәлімгер» қалалық семинары өткізілді. Семинар жұмысына директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-тәлімгерлер, Өскемен қаласы мектептерінің жас педагогтары қатысты.
2023-2024 оқу жылында Өскемен қаласының мектептерінде педагог-тәлімгерлердің жұмысын ұйымдастыру бойынша білім бөлімінің әдіскері Е. П. Круглова сөз сөйледі. Семинарда сөз сөйлегендер: Е.В.Пастухова - ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№12 мектеп-гимназиясы» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары; Боранбаева Жанар Камановна - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» КММ тәлімгері, биология мұғалімі, педагог-шебер; Дюзбенбекова Гульмира Кабдоновна  - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 27 орта мектебі» КММ тәлімгері, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, педагог-зерттеуші; Сүлейменова Балжан Асемханқызы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, жас мұғалімдерге тәлімгер; Бокеева Зарина Тюлибайқызы - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі; Дюзбаева Алина Канатовна - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№19 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі. Семинар жоғары әдістемелік деңгейде өтті.