«ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының тұжырымдамасы бойынша, Республика күнін мерекелеу қарсаңында, ақынын ардақтаған ел ардақты демекші, айтыскер ақын, журналист, "Қазақ тілі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, "Eastiлер" ұйымының жетекшісі, домбырашы, саяхатшы, семсер тілді ақын Қалымбектегі Аян Советұлымен мектеп қабырғасында кездесу өтті.
Шара барысында ақынның айтысқа қалай келгендігі, журналистика саласындағы жазу мәнері туралы айтыла келіп, соңғы жылдары өзі құрып, жетекшілік атқарып жүрген "Eastiлер" ұйымы жайында әңгіме өрбіді.
Қатысушылар тарапынан өздерін қызықтырған сұрақтар қойылып, тәрбиелік мәні бар әңгімелер айтылды.
Көпшіліктің сұранысы бойынша айтыскер ақын домбыраны күмбірлетіп күй тартып, мектебімізге арнау арнап, жырдан шашу шашты.
Шара соңында оқушылар Аян ақынмен естелік фотоға түсті.