Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күніне орай "№29 қосымша білім беру мектебі-орталығы" КММ "Жас құтқарушы" орталығының педагогтары Өскемен қаласы мектептерінің “Жас құтқарушылар” сыныптары арасында “Құтқарушылар қиындықта қалдырмайды” атты балалар суретінің байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты: өрт сөндіруші құтқарушылардың қажырлы еңбегін балалардың көзімен көрсету, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Байқауға қала мектептерінен 71 дана жұмыс ұсынылды, олар келесі мектептер: № 1,4, 10,16,19, 22, 26, 29, 36, 37.
Балалар өз жұмыстарын түрлі материалдардан: қарындаш, пастель, акварель, гуашь, сәндік материалдарды пайдалана отырып дайындаған.
19 қазанда қазылар алқасы тақырыптың толық ашылуын, өзіндік ерекшелігін, көркемдік орындалуын бағалады.
Барлық жұмыстар ТЖ департаменті басшылығының қолымен грамоталармен марапатталды. Ең үздік жұмыстардың бірі ТЖ департаментінің басшылығына Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шарада сыйға тартылды.
Сондай-ақ, көптеген жұмыстар құтқарушылар профилактикалық рейдтер жүргізу кезінде пайдаланатын халыққа арналған жадынамалар жасау жобаларына айналады.