
17 қазанда «Шығыс Қазақстан халықтарының тілдері мен мәдениетін жаңғырту мектебі» КММ ағылшын тілі мұғалімі Н.Ж. Қадылбекова «Своя игра» атты сыныптан тыс іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында топтық жұмыс ұйымдастырылды, өткен тақырыптарға шолу жасалып, логикалық сұрақтар қойылды. Бұл ойын сабағы оқушыларға логикалық ойлауды, есте сақтауды, сондай-ақ жеке және командада жұмыс істеу қабілетін дамытуға көмектесті. Оқушылар іс-шараға белсенді қатысып, түрлі тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындады.