Қалалық оқушылар арасында айтыс өтті

Қалалық оқушылар арасында айтыс өтті
25 - қазан Республика күні қарсаңында ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес «Төрт маусым - төрт өнер» ұлттық мәдени - ағартушылық жобасы аясында қалалық оқушылар арасында айтыс өткізілді.
​Іс - шараның мақсаты ұлттық құндылығымыз айтыс өнерін дәріптеу.
​Жыр додасына қала мектептерінің ақындық өнері бар жас дарындары қатысты.
​Айтыс қорытындысы бойынша:
​Асылбек Аймерей - Бас жүлде!(«Абай атындағы № 33 орта мектебі» КММ)
​1 - орын - Силамбек Руслан,(«Абай атындағы № 33 орта мектебі» КММ)
​2 - орын - Оралғазы Данияр («№ 35 орта мектебі» КММ)
​3 - орын - Советханова Аруна («№ 8 орта мектебі» КММ) және Муратханұлы Мұхтар («Абай атындағы «№ 33 орта мектебі» КММ) иеленді.
​Жүлдегерлеріміз Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі басшысының мадақтамасымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
​Жүлдегер оқушыларымызды айтысқа дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Месейхан Мұратханды құттықтаймыз!