
2017 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «N27 орта мектебі» КММ-де өскелең ұрпаққа «Отбасылық, еңбек-экономикалық, экологиялық тәрбие беру» бағыттарын жүзеге асыру мақсатында «Аналар мектебі» мектептік тәрбие жобасы аясында балалар үйірмелері өткізілуде. 2023 жылдың қыркүйек-қазан айларында 0-4 сыныптарда оқушылардың белсенді шығармашылық аналары: А.Молдыкенова, А.Увазырова «Жапырақтан жасалған кірпі»; О.Антропова, М.Линкевич «Макароннан жасалған кереметтер»; Ж.Базбиева, Қ.Әбілқайырова «Құстарға қамқорлық»; В.Бутенко, А.Халимоненко «Кірпі аппликациясы»; Д.Сыздықова «Күз сыйлықтары: көкөністен жасалған мысық»; Г.Келгенбаева, А.Мукышева «Шебер қолдар: кірпі»; Н.Нағашыбаева, М.Айтқазина «Жемістер мен көкендер»; А.Мухашова «Маржандар сырлары: білезік»; С.Еремина «Анаға арналған гүлшоғы»; А.Нурпеисова «Ертегілер әлемінде»; Е.Трунина «Сильвер Джонстың құпиясы»; А.Жексенбина, Н.Қалелова, «Ғажайып бақ»; И.Нургалиева " Ұстазыма ашық хат"; А.Поземина, Е.Колесникова "Жапырақтан жасалған кірпі"; С.Еремина" ЖЖЕ туралы әңгіме"; Л.Мусина "Алтын күз ". Мектептің оқу-тәрбие жұмысына белсене атсалысқан оқушылардың аналарына шексіз алғысымызды білдіреміз.