“Әскери құтқару эстафетасы" мектепаралық жарысы өтті

“Әскери құтқару эстафетасы" мектепаралық жарысы өтті

2023 жылғы 12-ші қазанда “№29 ҚББМО” аумағында 8-сыныптар арасында “Жас құтқарушылар” жасақтары арасында “Әскери құтқару эстафетасы" мектепаралық жарысы өтті. Жарысқа мектептерден 90 оқушы қатысты, мектептердерден: №1, 4, 10, 16, 19, 26, 29, 36, 37, 39, 42. Балалар кедергілерден өтіп, зардап шеккендерді құтқарды, оқ атып, саптық дайындықта өз дағдыларын көрсетті. Қиын күресте №29 және 4 мектептің командалары 1 орынды бөлісті. №36 және 26 мектептерде екінші орынға, ал №42 мектеп командасы үшінші орынға ие болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Командаларды дайындағаны үшін мектеп мұғалімдеріне алғыс айтамыз.