"М.Шаяхметов атындағы № 23 орта мектебі" КММ 2023 жылғы 10 қазанда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша "Қауіпсіз қала" акциясы аясында мониторинг жүргізілді.
Мониторингке "AMANAT" партиясы жанындағы "Жастар рухы" ЖҚ ШҚОФ төрағасы, Өскемен қаласы полиция басқармасының Ювеналды полиция инспекторлары, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Мониторингтік топ мүшелері мектептердің, мектеп аумағындағы балалар алаңдарының, жоғары вольтты сымдар мен ашық кәріз люктерінің қауіпсіздігі, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелерін қарады.