
"Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі" ММ 2023 жылғы 11 қазанда Республика күніне орай облыстық іс-шаралар жоспары шеңберінде "Ш. Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицей" КММ алаңында 8-9 сынып оқушылары арасында "Ұлы даланың ұлы тұлғалары" атты республика күніне арналған ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференцияға Алтай ауданынан келген қонақтар, еріктілер-мектеп оқушыларын іздеу тобы, Инюшина және Глубокое ауданынан келген қонақтар, Д. Қонаев атындағы орта мектебінің оқушылары қатысты.
Конференция қорытындысы бойынша сандық және қағаз форматтағы жинақ шығарылады. Конференцияға барлығы 150 оқушы мен педагог қатысты.