
2 қазан күні Өскемен қаласы бойынша ББ “Шығыс Қазақстан халқының тілдері мен мәдениетін түлету мектебі” КММ-де қазақ тілі пәні мұғалімі Ертарғынова Арай Есімбекқызы “Қарттарым-асыл қазынам” атты құттықтау іс-шарасын өткізді. Құттықтау іс-шарасына мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары белсене қатысып, өз қызығушылықтары мен креативті ойларымен көзге түсе білді. Ата-әжелеріне жылы лебіздерін арнап, видео бейнеге таспалады.